Жылу маусымы басталды – вице-министр жөндеу жұмыстары аяқталмаған қалаларды атады

Министрлік Риддер, Кентау, Жезқазған және Теміртау қалаларын ерекше бақылауда ұстап отыр
Sputnik
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов жылу маусымына дайындық жұмыстары аяқталмаған қалаларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде министрлік қысқа дайындықты "жақсы" деп бағалап отыр.
"Жылу маусымы көп қалада басталып кетті. Біздің ойымызша, атқарылған жұмыстар нәтижесін береді. Жылу маусымы ойдағыдай өтеді деген сенімдеміз", - деді Нұрмағанбетов бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, министрлік жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған бірнеше қаланы ерекше бақылауда ұстап отыр.
"Риддер қаласында бітпеген жұмыстар бар. Бұдан бөлек, Кентау, Жезқазған мен Теміртау қалаларын ерекше бақылауда ұстап отырмыз", - деп атап көрсетті вице-министр.