Тоқаев Қызылорда облысына барды

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар барысында президент Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылына барады және еңбек адамдарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа әуежай терминалымен танысып, бірқатар нысанды аралап көреді.
Қызылорда облысында медициналық қызмет сапасына шағым 30%-ке артқан