АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. Қазақстанның ҰҚШҰ-ға алдағы төрағалығы мәселесін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев пен ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының жауапты хатшысы Сергей Поспелов жұмыс кездесуінде талқылады, деп хабарлайды ассамблеяның баспасөз қызметі.
"Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың түрлі мәселелерін, соның ішінде ықтимал бірлескен іс-шараларды және Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына алдағы төрағалығын талқылады", - делінген хабарламада.
Сергей Поспелов Қазақстанның Ресейдегі елшісін қызметіне кірісуімен құттықтады, деп атап өтті баспасөз қызметі.