АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Қазақстандық Kcell/activ, Tele2/Altel және Beeline ұялы байланыс операторлары Израильдегі өз абоненттеріне сын сағатта қолдау көрсетеді.
Ұялы байланыс операторлары роумингте ақысыз байланыс пакеттерін ұсынады.
Нақтырақ айтқанда оларға келесі ресурстар кірді: 30 минут және 3 ГБ трафик және бұл мүмкіндіктер 14 күнге дейін жарамды. Қажет болған жағдайда пакеттерді ұзарту мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесу үшін Ауғанстанға ұшып кеткен Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің жұмысын қолдау мақсатында барлық ұялы байланыс операторы құтқарушыларға роумингте тегін пакеттерін ұсынады. Оларға 3ГБ мобильді интернет және 30 минуттық дауыстық байланыс кіріп отыр.