Пойыздар енді кешікпейді: "Жолаушылар тасымалы" жаңа кесте дайындап жатыр

Пойыздар қозғалысының "пакеттік" кестесі 2023 жылдың 10 желтоқсанынан бастап енгізіледі
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 қазан – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойыздары үшін жаңа "пакеттік" кесте дайындап жатыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Астана-Шу-Астана учаскесінде Тальго вагондарын тіркеген 4 жолаушылар пойызы 20 минут аралықпен жүреді. Олар:
1.
№3/4 Астана – Алматы;
2.
№9/10 Астана – Алматы;
3.
№71/72 Астана – Шымкент;
4.
№85/86 Астана – Шымкент.
"Жолаушылар пойыздарының жаңа кестесі тәуліктің күндізгі уақытында 6 және одан да көп сағатқа созылатын жөндеу-жол жұмыстары кезінде пойыздардың кешігу мүмкіндігін азайтады", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ жолаушылар пойызындағы екі стандартты вагондар Тальго вагондарымен ауыстырылады.
1.
№9/10 Астана – Алматы;
2.
№71/72 Астана – Шымкент.
Бұл пойыздардың жүру уақыты әр бағытта 3 немесе одан да көп сағатқа қысқарады.
Пойыздар қозғалысының "пакеттік" кестесі 2023 жылдың 10 желтоқсанынан бастап енгізіледі деп жоспарланып отыр.