Баланың есірткі жасырумен ақша тауып жүргенін қалай білуге болады

Қазақстанда есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталады
Sputnik
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі баланың "есірткі жасырушы" болып жұмыс істеп жүргенін көрсететін негізгі белгілерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Негізгі белгілер:
баланың телефонында үй кіреберістерінің, аялдамалардың, қабырғалардың суреттері бар;
жеке заттары арасында изолента, zip-пакеттер, қалта электронды таразылары жүреді;
араласатын ортасы өзгереді;
сөйлеу мәнері өзгеріп, әңгіме тақырыбын бұруға тырысса, дөрекілік танытады;
күн тәртібі өзгереді, оқуға бірнеше сағат бұрын кетіп, оқудан бірнеше сағатқа кешігеді, кіммен және қайда болғанын айтпайды;
жаңа заттары пайда болады, ал оның қайдан келгенін түсіндіруден бас тартады.
"Бұл белгілердің пайда болуы баланы бақылауға, кез-келген заңсыз іс-әрекеттің салдарын түсіндіре отырып, онымен сөйлесуге себеп болуы керек". – дейді полицейлер.
Айта кетері, Қазақстанда есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталады.