АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Алматы облысында жалған доллар сатқан екі адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Олар 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізіп жүрген.
"Кезекті жалған ақшаны өткізу барысында күдікті тұлғалар ұсталып, жүргізілген тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары анықталды", - дейді депаратменті мамандары.
Қазіргі кезде екеуі де қамауға алынды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.