АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Астанада зейнеткерлерге, ҰОС ардагерлеріне, мүгедек жандарға, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға – барлығы 185 мың адамға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Бұл туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Биыл әлеуметтік қолдаумен жасы бойынша 121 362 зейнеткер қамтылды, оның 8-і – ҰОС ардагері, сол сияқты 33 мың мүгедек адам, оның ішінде 8 мың ерекше бала, 27 мыңнан астам көпбалалы отбасы, 5 738 көпбалалы ана, Алтын алқа, Күміс алқа алқаларымен марапатталған, 13 мың аз қамтылған азамат бар.
"Әлеуметтік қолдау шараларын жақсарту және мұқтаж азаматтарды көбірек қамту мақсатында өткен жылы төлемдердің мөлшерін ұлғайту және қызмет алушылардың санаттарын кеңейту бойынша 13 қосымша шара көзделген", - деді Илья Скуб брифингте.
Атап айтқанда, газ қосу және жүргізу шығындарының өтемақысы 90 АЕК-тен 130 АЕК-ке дейін немесе 448 500 теңгеге дейін ұлғайтылды.
Сондай-ақ, табиғи апат немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін өтемақы өсті:
отбасыға тұрғын үй қираған, бүлінген немесе айтарлықтай бүлінген жағдайда 65 АЕКтен (206 700 теңге) 400 АЕК (1 380 000 теңге);
қайтыс болған адамға отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда 15 АЕКтен (47 700 теңге) 150 АЕК (517 500 теңгеге) дейін;
атаулы әлеуметтік көмек төлемінің мөлшері 90 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін ұлғайды;
қатты отын сатып алуға төленетін төлем мөлшері екі есеге – 8 АЕК-тен (25 440 теңге) 16 АЕК-ке (50 880 теңге) дейін өсті;
әлеуметтік маңызы бар аурулары бар балаларға төленетін төлемдердің мөлшері мен кезеңділігі 5 АЕК-тен (15 900 теңге) 25 АЕК-ке (79 500 теңге), тоқсан сайынғыдан айына дейін ұлғайтылды.
Ядролық сынақтардың салдарынан алғаш рет зардап шеккендерге атаулы күндерге 2,5 АЕК (8 625 теңге) мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға 15 АЕК (51 750 теңге) мөлшерінде біржолғы көмек көрсетілді. Сонымен қатар 2023 жылы әлеуметтік көмек сомасы ұлғайтылды, деді бейінді басқарма басшысы.
Мәселен, Коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге көмек мөлшері 2,4 АЕК-тен басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне, 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар арасынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына теңестірілген ардагерлерге 4,5 АЕК-ке дейін өзгерді.
Ауғанстаннан әскерлер шығарылған және Чернобыль АЭС-індегі апаттан зардап шеккендер күні төлем мөлшері 35 АЕК-тен (120 750 теңге) 45 АЕК-ке (155 250 теңге) ұлғайтылды.