Жаңа баспана бағасы қымбаттады

Бір жылда жаңа тұрғын үйді сату бағасы 5,7 пайызға өссе, қайталама нарықтағы пәтерлер 3,9 пайызға төмендеген
Sputnik
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй нарығындағы орташа бағалар туралы мәліметті жариялады
Ресми дерекке сәйкес, бір жылда жаңа тұрғын үйді сату бағасы 5,7 пайызға өссе, қайталама нарықтағы пәтерлер 3,9 пайызға төмендеген.
2023 жылдың қыркүйегінде жайлы тұрғын үйді жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеді.
Бүгінгі таңда тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны: бастапқы нарықта – 493 705 теңге, қайталама нарықта – 485 928 теңге, жалға берілетін тұрғын үйдің бір шаршы метрі – 4 715 теңге.
Сенатта дәрігерлердің тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу мәселесі көтерілді