АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Украина Қарулы күштерінің бір топ жаяу әскері дүйсенбі күні Малые Щербаки ауылының маңында жойылды, деп хабарлады Запорожье облысының губернаторы Евгений Балицкий өзінің Telegram каналында.
"Мен Судоплатов еріктілер батальонының қолбасшылығымен жаңа ғана сөйлестім. Олар бүгін жасақ күштері пилотсыз ұшу аппараты есептобының көмегімен Малые Щербаки ауданында жаудың жаяу әскерінің позициясын анықтағанын хабарлады. Олар толығымен жойылды. Қарсы тараптың әскері қай бағытта қозғалып жатқанын бақылауды жалғастырудамыз. Оларды шағын топпен, қолдаусыз және нақты тапсырмаларсыз өлімге айдап салып жатыр", - деп жазды Балицкий Telegram-арнасында.
Малые Щербаки ауылы Запорожье облысының Васильев ауданында орналасқан.