Қазақстан мен Франция жемқорлыққа қарсы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті

Француз ведомствосы Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар процестерін цифрландыру тәжірибесіне қызығушылық танытты
Sputnik
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы делегациясы Француз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (AFA) және Сыбайлас жемқорлыққа және қаржылық және салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі орталық басқарманың (OCLCIFF) басшыларымен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Тараптар жемқорлыққа қарсы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің коррупцияға қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
"Францияның Антикорын дербес байланысты азайту жолымен жемқорлық деңгейін төмендетуге оң әсер ететін мемлекеттік сатып алулар мен басқа да автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді қоса алғанда, процестерді цифрландыру бойынша Қазақстанның тәжірибесі қызықтырды", - деп жазылған хабарламада.
AFA мемлекеттік сатып алу саласындағы процестерді автоматтандыруда және әлеуетті тәуекелді тұлғаларды сәйкестендіруде, сондай-ақ ақпарат берушілерді қорғауды қоса алғанда, жемқорлық туралы фактілер туралы хабарлау кезінде call орталықтарының жұмыс рәсімдерінде әдіснамалық көмек көрсетуге дайын.
Француз ведомстволары ЭЫДҰ қабылдану үшін стандарттарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың жемқорлық үшін жауапкершілігі және белгісіз мүлікті тәркілеу бойынша нормативтік-реттеуші құжаттарды әзірлеуге көмек көрсетуге келісім білдірді.