Қарағанды-Астана тасжолында 5 адам көз жұмды

Полицияның болжамынша "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 қазан – Sputnik. "Қарағанды-Астана" тасжолында, Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде жол апатынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қайғылы оқиға 9 қазанда сағат 15.00 шамасында болды.
"Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі Қарағандыдан Астанаға қарай келе жатып, жол жөндеп жатқан жұмыскерді соғып, кейін жол шетінде тұрған Камазға соғылған. Жол апаты салдарынан жұмыскер, "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің үш жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Полицияның болжамынша көлік иесі рөлге ие бола алмай қалған.
Қазіргі күні Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тергеу басталды. Тиісті сараптамалар жасалады, дейді Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.