АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Израильде жүрген Қазақстан азаматтарының санын айтты, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрліктің ресми өкілі Айбек Спадияровтың айтуынша, қазіргі кезде Израильде 77 адам консулдық тіркеуде тұр. Олардың ішінде елшілік қызметкерлері мен отбасы мүшелері де бар.
“Израильдің жоғары оқу орындарында 5 қазақстандық студент оқиды. Сондай-ақ 30-ға жуық қазақстандық жергілікті медициналық мекемелерде тағылымдамадан өтіп жүр. Барлығы - 112 адам”, - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Ал консулдық тіркеуге тұрмаған қазақстандықтардың саны 400 адамнан асады.
“Бүгінгі таңда бізге Израильде қаза болған, зардап шеккен немесе кепілге алынған қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ”, - деп атап көрсетті Смадияров.