Фото

Ғарыш тақырыбында адамзат салған арт-нысандар – фото

4-10 қазан аралығында әлемнің әр бөлігінде Дүниежүзілік ғарыш апталығы тойланады
Sputnik
Дүниежүзілік ғарыш апталығы жыл сайын жүзге жуық елде аталып өтеді. Мереке ғарыш ғылымы мен техникасының адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартуға қосқан үлесін еске салуға арналған.
1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Дүниежүзілік ғарыш апталығын жыл сайын қазан айының бірінші онкүндігінде өткізу туралы шешім қабылдады.
Екі күн де ​​кездейсоқ таңдалған жоқ: 1957 жылдың 4 қазанында адамзат тарихындағы тұңғыш Жердің жасанды серігі – кеңестік "Спутник-1" орбитаға ұшырылды.
10 қазан ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану жөніндегі мемлекеттер қызметінің қағидаттары туралы шарт күшіне енген күн ретінде таңдалды. Бұл құжатқа 1967 жылы үш мемлекет – КСРО, АҚШ және Ұлыбритания. қол қойды.
Ғарыш саласымен қандай да бір түрде байланысты көше суретшілері мен сәулетшілердің жұмыстарындағы көрінісі туралы толығырақ Sputnik суреттер топтамасынан қараңыз.
1 / 14

Одинцово ауданының Новая Трехгорка ауылындағы "Urban Morphogenesis" халықаралық арт-фестивалі аясында ғарышкер Юрий Гагарин бейнеленген граффитимен безендірілген тұрғын үйдің қасбеті.

2 / 14

Байқоңыр қаласындағы тұрғын үйдің қасбетіндегі граффити.

3 / 14

Байқоңыр қаласындағы үй қасбетінде салынған кеңестік "Луноход-1" суреті.

4 / 14

Бейжіңдегі сауда орталығының кіреберісінде астронавт бейнеленген инсталляция. Инсталляция адамның Айға қонғанына 50 жыл толуына арналған.

5 / 14

Берлиндегі нысандардың бірінде астронавт бейнеленген мурал.

6 / 14
Граффити с изображением космонавта Юрия Гагарина на здании на Аллее Космонавтов в Москве.
7 / 14

"Жарық шеңбері" халықаралық фестивалі аясында "Ғарыш" павильонының қасбетінде және "Восток" зымыран тасығышының көшірмесінде жарық инсталляциялары көрсетіліп жатыр.

8 / 14

Мәскеудегі Ленин даңғылындағы ғарышкер Юрий Гагариннің ескерткіші.

9 / 14

Красноярск қаласындағы тұрғын үйдің қабырғасында академик Михаил Решетневтің портреті бар мурал. КСРО Ғылым академиясының академигі Михаил Федорович Решетнев – ОКБ-1 бас конструкторы С.П.Королевтің бірінші орынбасары, инженер-конструктор, кеңестік космонавтиканың негізін салушылардың бірі..

10 / 14

Нью-Йорктегі суретші Том Сакстың "Ғарыш бағдарламасы: Марс" бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын "Жерге жақындаған экспедициялық модуль" инсталляциясы.

11 / 14

Санкт-Петербургтегі Петроград ауданындағы үйдің қабырғасына салынған сурет.

12 / 14

Ғарыш станциясының ішкі көрінісінің үлгісі.

13 / 14

Мәскеудегі "Космос. Love" мультимедиялық көрмесінің экспозициясын тамашалаушы.

14 / 14

Қасбетінде "Протон" зымыран тасығышының суреті салынған Байқоңыр қаласындағы үй.