Ауғанстандағы жер сілкінісі: Қазақстан гуманитарлық көмек жібереді

Үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары аттанды
Sputnik
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады. Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.
Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан биыл 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді.
Саясат
Қазақстан болашақ Ауғанстанды бейбіт өмір сүретін ел болады деп санайды – Тоқаев