АЛМАТЫ, 9 қазан – Sputnik. Мәскеу 12 қазанда Бішкекте ТМД саммиті аясында Ресей, Әзербайжан және Армения сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлады дүйсенбіде РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин.
"Біз мұндай пікірталастарды (армян-әзербайжан жанжалын реттеу бойынша – ред.) осы жылдың 12 қазанында Бішкекте ТМД саммиті іс-шаралары аясында сыртқы істер министрлері деңгейінде өткізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз", - деді Галузин РБК-ға берген сұхбатында.
Ол Әзербайжан тарапының келісім беріп қойғанын атап өтті. Ресей Сыртқы істер министрлігі армян тарапы да бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, келіссөздерге қатысуға келіседі деп үміттенеді.