Қырғызстан мен Тәжікстан тағы 42 шақырым мемлекеттік шекара туралы келісімге келді

Үкімет делегацияларының келесі кездесуі Тәжікстан аумағында өтеді
Sputnik
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Баткен қаласында Қырғызстан мен Тәжікстанның қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі жұмыс топтары кездесті, деп хабарлайды Қырғызстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.
Топографиялық жұмыс топтары Қырғыз– Тәжікстан мемлекеттік шекарасының белгіленбеген қалған 290 шақырымының 43,32 шақырымы бойынша келісті.
"Тараптар ТәжікстанРеспубликасының аумағында өтетін келесі кездесуде қалған учаскелерді сипаттау бойынша жұмысты жалғастырады", - деп хабарлады министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.