Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Израиль мен Палестинаны бейбіт келісімге шақырды

Қазақстан елшілігі Израильдегі республика азаматтарының тізімін жасауға арналған сенім телефонын іске қосты
Sputnik
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильдегі жағдайға қатысты ведомствоның ұстанымын мәлімдеді.
"Қазақстан көптеген бейбіт тұрғынның қазасына әкелген палестиналық-израильдік қақтығыстың өршуіне үлкен алаңдаушылық білдіреді", - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан тараптарды "жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдарды іздеуге және екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі шиеленісуіне әкелетін әрекеттерге бармауға" шақырды.
Смадияров атап өткендей, Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста.
Смадияров елшіліктің сенім телефоны іске қосылып, республика азаматтарын отанына қайтару үшін олардыңтізімі тізімі жасалып жатқанын айтты.
"Хезболла" Израильдің Ливандағы армиясына жасалған соққының жауапкершілігін мойнына алды