АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Израильдің Ливандағы әскери позицияларын атқылаған "Хезболла" қозғалысы жауапкершілікті өз мойнына алды.
Израиль қорғаныс армиясы бұдан бұрын Газа секторындағы Хамастың 10 нысанына, соның ішінде қозғалыстың барлау штаб-пәтеріне, сондай-ақ атқылауға жауап ретінде Ливандағы бір аймаққа соққы бергенін хабарлаған.
Ливанның al-Mayadeen телеарнасы Ливанның оңтүстігіндегі Кфар-Шуба провинциясы зардап шеккенін нақтылады.
"Палестинаның қарсыласу күштерімен ынтымақтастық ретінде біздің бір топ жауынгер бүгін таңертең басып алынған Ливанның Шебаа фермалары маңындағы сионистік армияның үш позициясына шабуыл жасады", - делінген Хизболла мәлімдемесінде.
Соққылар көптеген зымыран және снарядпен, соның ішінде Израиль армиясының радиолокациялық қорғаныс құралдарымен де жасалды, деді қозғалыс өкілдері.
Бұған дейін Times of Israel газеті палестиналық-израильдік қақтығыстың шиеленісуі салдарынан жараланғандар мен ауруханаға жатқызылғандар саны 1864-ке жеткенін, Jerusalem Post газеті 1,5 мыңнан астам адамның жараланғанын жазған.