АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы медаль саны жағынан үздік бестікке енді, деп хабарлады Sports.kz сайты.
Қазақстандық спортшылар 80 медаль жеңіп алды: 10 алтын, 22 күміс және 48 қола. Осылайша, жүлделердің жалпы саны бойынша Қазақстан 71 медалі (22-18-31) бар Өзбекстан құрамасынан басып озып, бесінші орынға жайғасты.
2023 жылғы Азия ойындарында медальдың жалпы саны бойынша ТОП-10-ға кірген елдер:
1.
Қытай – 383 (201-111-71)2.
Оңтүстік Корея – 190 (42-59-89)3.
Жапония – 188 (52-67-69)4.
Үндістан – 107 (28-38-41)5.
Қазақстан – 80 (10-22-48)6.
Өзбекстан – 71 (22-18-31)7.
Қытайлық Тайбэй – 67 (19-20-28)8.
Тайланд – 58 (12-14-32)9.
Иран – 54 (13-21-20)10.
Гонконг – 53 (8-16-29).Қорытынды медальдық есепте Қазақстан 11-орыннан көрінді.
Қытай 383 (201-111-71) бірінші, Жапония екінші 188 (52-67-69), Оңтүстік Корея үшінші орынға 190 (42-59-89) ие болды.
2023 жылғы Азия ойындарында медальдық есепте үздік ондыққа кірген елдер:
1.
Қытай – 201-111-71 (383)2.
Жапония - 52-67-69 (188)3.
Оңтүстік Корея – 42-59-89 (190)4.
Үндістан - 28-38-41 (107)5.
Өзбекстан – 22-18-31 (71)6.
Қытайлық Тайбэй – 19-20-28 (67)7.
Иран – 13-21-20 (54)8.
Тайланд - 12-14-32 (58)9.
Бахрейн - 12-3-5 (20)10.
Солтүстік Корея - 11-18-10 (39)11. Қазақстан - 10-22-48 (80).