ТАЛДЫҚОРҒАН, 8 қазан – Sputnik. Алматы облысындағы ірі индустриялық аймақты электр қуатымен қамтамассыз ететiн "Көкөзек" қосалқы станциясы iске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тiлшiсi.
Алматы облысында жаңа қосалқы электр станциясы іске қосылды
© Photo : Пресс-служба АО "Самрук Энерго"
Жергілікті биліктің мәліметінше, қосалқы станция 346 шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсiн, сондай-ақ 1362 тұрғын үй секторының тұтынушысын тұрақты электр қуатымен қамтамассыз етедi.
Алматы облысында жаңа қосалқы электр станциясы іске қосылды
© Photo : Пресс-служба АО "Самрук Энерго"
"Көкөзек" қосалқы станциясының құрылысы "Самұрық-Энерго" АҚ электр энергетикалық холдингінің құрамына кіретін "Алатау жарығы компаниясы" АҚ қаражатының есебінен жүргізілді. Жобаның құны –2,73 млрд теңге.
"Облыстағы қосалқы стансалардың жұмыс жүктемесінің жоғары болуынан жабдықтар жиі істен шығып, тұтынушыларды, білім және денсаулық сақтау нысандарын электрмен жабдықтауда іркілістер болды. Осыған байланысты жаңа қосалқы станция салу туралы шешім қабылданды", - делінген "Алатау жарығы" АҚ хабарламасында.
Алматы облысында жаңа қосалқы электр станциясы іске қосылды
© Photo : Пресс-служба АО "Самрук Энерго"
"Самұрық-Энерго" АҚ – Қазақстандағы ең ірі электр энергетикалық холдинг. Негізгі қызмет түрлері: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын беру, бөлу және өткізу; энергетикалық көмір өндіру.