Air Astana Тель-Авивке барып қайтқысы келетін жолаушылар үшін балама нұсқа іздеп жатыр

Әуе компаниясы қазақстандықтарды Израильден қайтару үшін бар күш-жігерін салуға уәде берді
Sputnik
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Тель-Авивке ұшқысы келген жолаушылар үшін Air Astana балама рейстер іздеп жатыр, деп хабарлады әуе компаниясы.

"Қауіпсіздік мақсатында көптеген халықаралық әуекомпания Тель-Авивке/Тель-Авивтен рейстерді тоқтата тұруына қарамастан, Air Astana әуе компаниясы ұшуға ниет білдірген жолаушыларды тасымалдаудың балама нұсқаларын іздестіруді жалғастырып жатқанын хабарлайды", - деп жазылған хабарламада.

Компания Тель-Авивтен Алматыға жоспарланған КС650 рейсіне 138 жолаушы билет алғанын, оның ішінде 37 қазақстандық бар екенін атап өтті.
"7 отандасымыз Air Astana интерлайн-серіктес әуекомпанияның рейсіне қайта брондалып, 19 адам билет құнын толық қайтаруды таңдаса, 3 жолаушы өз шешімін әлі ойластыруда", - дейді компания қызметкерлері.
Сондай-ақ әуе компаниясы Алматы-Тель-Авив бағыты бойынша орындалмай қалған КС649 рейсіндегі шетел жолаушыларына билеттерді қайта брондауға жәрдем көрсетті. Жолаушылардың қалауына сәйкес Түркия мен Грузияға ұшуға балама берілді.
Air Astana Қазақстанның Израильдегі елшілігі ашқан WhatsApp чатында кеңес беріп, қолдау көрсету үшін арнайы қызметкерін тағайындады.
Израильге/Израильден ұшуға қатысты мәселелер бойынша тәулік бойы қызмет ететін жедел желі құрылды: +7 (727) 244 44 78, +7 702 702 0074 (WhatsApp).
"Әуе компаниясы Израильден ұшуға ниет білдірген барлық қазақстандық оралуы үшін бар күшін салыпжатыр", - дептолықтырды компания.
Air Astana жолаушылардықауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Израиль мен Палестинаны бейбіт келісімге шақырды