Өңірлер

Жамбыл облысында жаңартылған Хантау – Бұрылбайтал тас жолы пайдалануға берілді

Жаңартылған учаскенің ұзындығы 81 шақырымды құрайды
Sputnik
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында жол төсеушілер ұзындығы 81 шақырым болатын "Хантау – Бұрылбайтал" тас жолын қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады.
189-шы шақырымнан 273-ші шақырымға дейінгі маңызды учаске II техникалық санаттың параметрлеріне сәйкес келтірілді. Мойынқұм ауданындағы Хантау және Бұрылбайтал ауылдары арасындағы барлық учаскеге жаңа асфальт-бетон жабындысы төселді.
"Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында мамандар сондай-ақ екі көпір, екі жол өткелін және тоғыз мал өткізу жабдығын салды. Жол жүрушілердің жайлылығын қамтамасыз ету үшін жаңартылған жолға заманауи жарықдиодты жарықтандыру орнатылып, Қияхты ауылының ауданында орналасқан екі санитарлық-гигиеналық қондырғымен қамтамасыз етілді", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, жақын арада облыстың көлік инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында қолға алынған "Шу қаласын айналып өтетін" автожол учаскесін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, Жамбыл облысында 2023 жылы жол саласына 24,7 миллиард теңге бөлінген.
2025 жылға қарай Жамбыл облысында облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу бойынша 73,6 миллиард теңгеге 895 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 99,5 пайызға жетеді.
Қоғам
Жол апаты неден болады – ІІМ себебін атады