Қоғам

ҰҚК елорда әуежайында екі қазақстандықты ұстады

Тәркіленген заттың кедендік құны шамамен 85 млн теңгені құрайды
Sputnik
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Астана халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып өтпек болды деген күдікпен екі қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Алдын ала деректер бойынша номиналы 100 және 50 мың теңге, салмағы 2 және 1 кг монеталар 999 сынамалы алтыннан жасалған.
Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңгені құрайды.
Құқықбұзушылар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді.
Қоғам
ҰҚК арнайы операциясы: қылмыстық топтардың 72 мүшесі ұсталды – видео