АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин және Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев ресейлік газды Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдауды бастау рәсіміне қатысты.
Осы жобаны жүзеге асыру туралы уағдаластыққа бірнеше ай бұрын қол жеткізілген.
"Өзбекстан да, Ресей де, Қазақстан да рекордтық қысқа мерзім ішінде жұмысты аяқтап, газды жеткізуге жағдай жасады. Біздің газ Өзбекстанға Қазақстан арқылы барады, отынның бір бөлігі Қазақстанға да беріледі", - деп мәлімдеді Владимир Путин.