АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Ресей әскері Краснолиманск бағытында қарсыластың жеті шабуылына тойтарыс берді, деп хабарлайды РИА Новости "Центр" тобының баспасөз орталығының жетекшісі Александр Савчукқа сілтеме жасап.
"Краснолиманск бағытында Торский учаскесі мен Серебрянск орман шаруашылығы аймағында "Центр" әскер тобы бөлімшелерінің, артиллериялық атыс, шабуылдау және армия авиацияның тиімді іс-қимылдары арқасында Украина Қарулы күштерінің 63, 67-ші механикаландырылған бригадаларының және Украина Ұлттық гвардиясының 5-ші бригадасының топтары жеті шабуыл әрекетінің жолын кесіліп, тойтарыс берілді. Қарсы тараптың адам шығыны 60-қа жуық әскери қызметкерді құрады", - деді Савчук.
Сондай-ақ, оның айтуынша, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері HIMARS жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің екі зымыранын атып түсірген. Батареяға қарсы күрес кезінде әскерилер украин әскерлерінің 20-дан астам артиллериялық жабдығын тауып, жаншып тастады, деп хабарлады баспасөз орталығының басшысы.
Сонымен қатар, топтың бомбалаушы авиациясы Луганск Халық Республикасының Червоная Диброва ауылы ауданында қарсы тараптың екі командалық-бақылау пунктін жойды.