АЛМАТЫ, 6 қазан – Sputnik. Жетісу облысында биылдың өзінде прокурорлар 3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуларды тоқтатты, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Заң бұзған 74 лауазымды адамды жауапқа тартылды.
"Мемлекеттік органдар негізінен әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалаған. Міндетті мемлекеттік сараптамасыз автожолдар салуға конкурстар жариялаған", - дейді прокуратура.
Сондай-ақ 85 млн теңгеге сатып алулардың алдын алған, өйткені мемлекеттік органдар "бір көзден алу" тәсілімен негізсіз қорытынды жасамақ болған.
"Тек бір Алакөл ауданында прокуратураның қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды маман жауапқа тартылды, оның ішінде 4 ауылдық округтің әкімдері бар", - дейді облыстық прокуратура.
Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 74 лауазымды тұлғасына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207-бабы "Мемлекеттік сатып алуды бұзу" бойынша жалпы сомасы 13 млн теңге айыппұл салынған.