Қоғам

ҰҚК арнайы операциясы: қылмыстық топтардың 72 мүшесі ұсталды – видео

Қылмыстық топтар Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекаралас аумақтарда бопсалаумен айналысқан
Sputnik
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен 5 қазан күні бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді.
"Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтады, бопсалады, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырды және өзге де ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен қылмыстық топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді", - делінген хабарламада.
ҰҚК ақпаратынша, қылмыстық топтар өз әрекеттерін Қытаймен ("Қорғас" ХШЫО), Өзбекстанмен ("Жібек жолы" өткізу пункті) және Қырғызстанмен ("Қордай автомобильдік" өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.
Тінту барысында оқ-дәрімен қоса атыс қаруы, ірі сомада ақша, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді.