Оқиға

Сүрініп кеткен: Қарағандыда үш жасар бүлдіршін эскалаторға қысылып қалды

Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр дейді
Sputnik
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде үш жасар бала қолын экскалаторға қысып алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жазатайым оқиға 6 қазан сағат 11:48-де болған.
"Қазыбек би атындағы ықшам ауданда "Global City" сауда орталығында бала эскалаторға түсу кезінде сүрініп құлап, оң қолы қабырға мен қозғалатын бөліктің арасында қысылып қалған. Құтқарушылар баланың қолын эскалатор конструкцияларынан арнайы құралының көмегімен алып шықты", - дейді ТЖД баспасөз қызметі.
Ал дәрігерлер баланың жағдайы ауыр дейді.
"Бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр. Ота жасалады деп жоспарланған. Медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Әлем
"Жын ұрған" эскалатор адамды өлтіре жаздады – видео