АЛМАТЫ, 6 қазан – Sputnik. Алматы облысының тұрғыны терроризмді интернет желісі арқылы насихаттағаны үшін ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Күдіктінің 5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен бірігіп ұстаған.
"Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталған адам бұған дейін де қылмыс жасағаны үшін сотталған", - дейді ведомство.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі "Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.