Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

РИА Новости: Украина әскері Курск облысындағы қалаға қарсы кассеталық оқ-дәріні қолданды

Sputnik
АСТАНА, 5 Қазан – Sputnik. Украина армиясы Рыльск қаласын кассеталық оқ-дәрімен атқылады, бір әйел жарақат алды. Бұл туралы РИА Новости Курск облысының губернаторы Роман Старовойттың өз Telegram-арнасындағы хабарламасына сілтеме жасап хабарлады.
"Шекара маңындағы Рыльск қаласына Украина тарапынан кассеталық оқ-дәрімен оқ атылды. Әйел адам орташа ауырлықтағы жарақат алды. Ол Рыльск орталық аудандық ауруханасына жеткізілді және оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазды Старовойт.
Оқиға орнында саперлар жұмыс істеп жатыр, ол жерден жарылмаған оқ-дәрілер табылды.
Шабуылдың салдарынан қаланың әр жерінде үйлер, шаруашылық ғимараттары мен көліктерге зақым келтірілген.
Украина Қарулы күштері Ресеймен шекаралас аумақтарды тұрақты түрде атқылап, пилотсыз ұшатын аппараттармен соққы беріп жатыр. Курск облысында террористік қауіптің сары деңгейі енгізілген.