Қазақстанда биыл 18 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқы бұзылған

Sputnik
АЛМАТЫ, 5 қазан - Sputnik. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазақстанда 827 кәсіпорын 20,6 мың жұмыскерге 5,9 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек. Бұл биылғы 9 айдың көрсеткіші. Бепешекті мемлекеттік еңбек инспекторлары анықтаған.
"Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 127 нұсқама беріліп, 134,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", - дейді ведомство.
Жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд теңге төленген.