АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында көліктер кептелісте тұр. Бұл туралы Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі мәлім етті, деп хабарлайды 24.kg.
Ведомствоның мәліметінше, Қырғызстаннан шығатын мемлекеттік шекарада 569 автокөлік тұр.
Олардың 395-і "Ақ Тілек – автожол", 121-і "Кен Булун – автожол" және 53-і "Чалдыбар – автожол" өткізу пунктілерінде тұр.
"Қырғыз-қазақ шекарасында жүк көліктерінің жиналып қалуы күз маусымында болатын Қырғызстаннан басқа елдерге ауылшаруашылық өнімдерінің экспортына байланысты. Көлік кезегінің созылуы циклдік сипатқа ие", — делінген ведомство хабарламасында.
Шекара қызметі атап өткендей, Қырғызстан және Қазақстан тарапынан ешқандай шектеу енгізілген жоқ.
Өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.