АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. ДХР-да әскери іс-қимылдар кезінде украиналық оқтан 230 бала қаза тауып, 821 бала жараланды, деп мәлімдеді Донецк Халық Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Дарья Морозова. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Бейсенбі күні "Россия сегодня" медиа тобының Халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында Украинадағы балалар құқығының бұзылуы проблемасына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
"Донецк Халық Республикасының аумағында тоғыз жыл бойы жүргізілген әскери іс-қимылдар салдарынан украиналық оқтан 230 бала қаза тапты, 821 бала әртүрлі ауырлықтағы жарақат алды. Олардың көпшілігі жетім қалды, 30-дан астам бала мүгедек боп қалды", - деді Морозова.