АСТАНА,5 қазан – Sputnik. Алматыда жүк көлігі самокат мінген оқушыны басып өлтірді, деп хабарлады полиция.
Қайғылы оқиға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанында болды. Жеткіншек электр самокатпен велосипед жолымен келе жатқанда жүк көлігі оңға бұрылған.
45 жастағы ауыр жүк көлігінің жүргізушісі баланы байқамаған.
"Холл" маркалы жүк көлігінің 1978 жылы туған жүргізушісі Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, оңға бұрылу кезінде электр самокатпен шығыс бағытта келе жатқан 2010 жылы туған баланы қағып кеткен. Жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады Алматы полициясы.
Егер жүргізуші кінәлі деп танылса, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.