Химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды

Беделді сыйлықты кванттық нүктелер, яғни заманауи технологияларда кеңінен қолданылатын ұсақ нанобөлшектерді ойлап тапқандар иеленді
Sputnik
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Алексей Екимов, Луи Брюс пен Мунги Бавенди химия бойынша Нобель сыйлығының 2023 жылғы лауреаты атанды. Олар кванттық нүктелер деп аталатын нанометрлік жартылай өткізгіш кристалдарды ашқан және синтездеген, деп хабарлады Корольдік Швеция Ғылым академиясының Нобель комитеті.
Кванттық нүктелер – заманауи технологияда кеңінен қолданылатын ұсақ нанобөлшектер.
"Нанобөлшектер мен кванттық нүктелер жарықдиодты шамдар мен теледидар экрандарында қолданылады. Сонымен қатар қатерлі ісік тінін алып тастау кезінде хирургтарға бағыт-бағдар беру үшін де пайдаланылуы мүмкін. Зерттеушілер кванттық нүктелерді ең алдымен түрлі-түсті жарық жасау үшін пайдаланды. Ғалымдар болашақта кванттық нүктелер икемді электрониканы, шағын датчиктерді, жұқа күн батареяларын және шифрланған кванттық байланысты әзірлеуге көмектеседі деп санайды", - деп жазылған академия таратқан мәлімдемеде.
Экимов Нью-Йорктегі америкалық Nanocrystals Technology компаниясында, Луис Брюс – Колумбия университетінде, Мунги Бавенди – Массачусетс технологиялық институтында жұмыс істейді.
Сыйлық сомасы 1 миллион долларды (шамамен 477 миллион теңге) құрайды.