Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

РФ қорғаныс министрі: Бас штабтың қосымша мобилизациялау жоспары жоқ

Барлық әскерге шақырылғандар, соның ішінде жаңа аймақтардан келгендер әскери іс-қимылдар жүріп жатқан жаққа жіберілмейді, деді ол
Sputnik
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Бас штабтың қосымша мобилизациялау жоспары жоқ екенін айтты. Бұл туралы ол Ресей Қарулы күштерінің басшылығымен өткен селекторлық кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Қарулы күштер қатарындағы әскерилер саны арнайы әскери операцияны жүргізу үшін қажетті көлемде. Бұған Отан қорғаушылар қатарына белсенді түрде қосылып жатқан азаматтарымыздың берік патриоттық ұстанымы ықпал етіп жатыр", - деді ол.
Шойгу қыркүйектің өзінде 50 мыңнан астам азамат келісімшартқа отырғанын, ал жыл басынан бері 335 мыңнан астам адам әскери қызметке және ерікті жасақтарға кіргенін айтты.
Ведомство басшысы ресейлік ірі кәсіпорындар, мемлекеттік корпорациялар мен ресейлік казактар ортақ іске сүбелі үлес қосып отырғанын атап өтті.
"Барлық әскерге шақырылғандар, соның ішінде жаңа аймақтардан келгендер әскери іс-қимылдар жүріп жатқан аймаққа жіберілмейтініне тағы да сіздердің назарларыңызды аударғым келеді", - деді министр.
Шойгу Ресейдегі қарулы бүлікке қатысты түсініктеме берді