АЛМАТЫ, 3 қазан - Sputnik. Президент "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамына барды, деп хабарлады Ақорда.
Президентке ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының, телекоммуникация желілерін басқару орталығының, сондай-ақ компьютерлік инциденттерге қарсы ұлттық әрекет ету қызметінің және зиянды кодты зерттеу орталығының жұмыс процесі мен нәтижелері таныстырылды.
"Биыл 9 айда мемлекеттік органдардың ресурстары мен еліміздің аса маңызды нысандарына жасалған 163,4 миллион кибершабуылға тойтарыс берілген", - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ақпараттық инфрақұрылымының тұрақты қызметін қамтамасыз ететін және осы саладағы қауіпсіздікке төнген кез келген қатерге төтеп беретін механизмдерді дамыту маңызды екенін айтты.
Сондай-ақ бұл қызметті жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.