Индрайвер жүргізушілеріне рөлде 8 сағаттан артық отыруға тыйым салынуы мүмкін

Сондай-ақ рейс алдында медициналық тексерістен өту ұсынылды
Sputnik
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жеке такси жүргізушілерін жолға шығар алдында медициналық тексерістен өтуге міндеттеп, көлікті сегіз сағаттан артық айдауға тыйым салуды көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Тағы бір бөлек мәселе – заңсыз тасымалдаушылар (индрайвер, яндекс). Көбіне олар пайда табу үшін тоқтаусыз, ұйқысыз және демалыссыз аймақтар арасында жүреді. Олар пайдаланатын автокөліктер қауіпті, тозған, қайта жабдықталған, басқару тетігі оң жақта, ал жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау ережелерінің талаптарын орындамайды", - дейді Қожаев үкімет отырысында.
Осыған байланысты ІІМ интернет-агрегаторларды пайдаланатын жеке такси жүргізушілерін рейс алдында медициналық тексерістен өтуге және автокөлікті күнделікті тексеруге, сондай-ақ жылына 2 рет техникалық байқау өтуге міндеттеуді ұсынып отыр.
Бұған қоса Қожаев жүргізушінің рөлде 8 сағаттан артық отырмауын қарастыру қажет екенін атап өтті.
Қоғам
"Тапқаным өзіме жетеді": 70 жастағы таксист әжей көлік тізгіндеуге не себеп болғанын айтты