Азия ойындары: қоржынға тағы екі қола мен бір күміс медаль түсті

Sputnik
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында эстафеталық жүгіру сайысында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
4×400 метрге эстафеталық жүгіру сайысында Қазақстан құрамасы Дмитрий Коблов, Александра Залюбовская, Давид Ефремов, Аделина Земс) Бахрейн мен Үндістаннан кейінгі 3-орынды иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы аралас эстафетадан отандастарымыз күміс жүлде алған еді.
Сонымен қатар Мария Бровкова байдаркада және каноэде есуден жекелей жарыстың WС1 200 м бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.
Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Байдаркада және каноэде ескек есуден жұптық жарыстың MС2 1000 м бағдарламасында өнер көрсеткен отандастарымыз 3:49 уақыт көрсеткішімен 2-ші келді.