АСТАНА, 3 қазан - Sputnik. Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Алексей Луценко Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. Тас жолдағы веложарыста сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбашысы 48:05:75 уақыт көрсеткішімен Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың алтынын еншіледі.
Осыған дейін, Алексей 2014 жылы Инчхонда және 2018 жылы Джакартада жеңімпаз атанған еді.