Өңірлер

Үсік жүреді: алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет 3-5 қазан аралығына ауа райы болжамын ұсынды
Sputnik
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, тек Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында солтүстік антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман болжанып отыр.
Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүреді. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
3 қазанда ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Астанада күн ашық, түнде +5 градус, күндіз +15 градус жылы.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +11 градус, күндіз +20 градус.
Шымкентте де күн ашық. Түнде +9 градус, күндіз +25 градус жылы.
Қоғам
Астана мен алты облыста жылу беру маусымы басталды