АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Шымкент қаласында бюджет қаржысын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша әкімдік пен коммуналдық кәсіпорнынның лауазымды тұлғалары тергеуге алынды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Тергеу материалдарына сәйкес, коммуналдық кәсіпорнын басшылығы әкімдіктің лауазымды тұлғаларымен және қосалқы мердігерлермен өзара келісіп, құжаттарда жұмыс пен тауарлардың бағасын артық көрсеткен. Осылайша, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген қаражаттың үстінен тағы 1,1 млрд. теңге алып, барлық ақшаны өзара бөліскен.
Шенеуніктер ұрлаған ақшаға Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік те сатып алған.
Қазірігі кезде күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды.