АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Америкалық кәсіпкер және миллиардер Илон Маск Twitter-де көмек сұраған Владимир Зеленскийдің "қайғылы" түрін бейнелейтін мем жариялады, деп жазды РИА Новости.
Суретте Зеленскийдің түрін "жабыстырып" қойған қайғырған адам көрсетілген.
"Бес минут өтсе де, сен миллиард доллар көмек сұрап үлгермеген сәт", - деп жазылған постта.
Жексенбіде АҚШ президенті Джо Байден конгресс бекіткен заңға қол қойды. Құжат үкімет жұмысын 45 күндік мерзімге, яғни 17 қарашаға дейін қаржыландыруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Дегенмен заңда Украинаның қажеттіліктері үшін қаражат бөлу қарастырылмаған.