Спорт

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түсті

Спортшыларымыз осы уақытқа дейін 36 медаль (4 алтын, 7 күміс пен 25 қоланы) жеңіп алды
Sputnik
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қазақстанның спортшылары Азия ойындарында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Байдарка мен каноэде ескек есуден ерлер арасындағы жұптық жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 метр қашықтықта алдына жан салмай, Азия ойындарының чемпионы атанды. Осылайша, Қазақстан қоржынына төртінші алтын түсті.
Айта кетері, осы алтын жүлденің арқасында Қазақстан құрамасы командалық есепте екі сатыға көтеріліп, үздік ондықты түйіндеп отыр. Спортшыларымыз осы уақытқа дейін 36 медаль (4 алтын, 7 күміс пен 25 қоланы) жеңіп алды.