Фото

Әлемдегі құпияға толы жұмбақ орындар – фото

Біздің ғаламшар құпияларымен таңғалдыруды тоқтатпайды. Адам баласы ғарышты зерттеп, жасанды интеллект технологияларын енгізіп жатқанына қарамастан, кейде табиғаттың кейбір жұмбақтарын түсіндіре алмайды
Sputnik
Әлемде адам баласы жауап таба алмаған логикаға сай келмейтін жерлер және құбылыстар әлі күнге дейін көп. Жер шарындағы ең жұмбақ, мистикалық және таңғаларлық әдемі 10 жердің суреттерін топтамадан тамашалаңыздар!
1 / 10

"Тозақ қақпасы" кратері, Қарақұм шөлі, Түрікменстан. "Тозақ қақпасы" –Қарақұмдағы аумағы өте үлкен от шашатын кратер. Ол 40 жылдан астам уақыт бойы жанып келе жатыр. Бұл жұмбақ аймақ туралы көптеген аңыз тараған. Жергілікті тұрғындар оны о дүниеге аттануға арналған қақпа деп санайды.

2 / 10

Германиядағы "Шайтан көпірі". Бұл нысан Кромлау саябағында орналасқан танымал аркалы көпір. Әдемі арка тәрізді көпір тынық сулардың бетіндегі көрінісіте мінсіз шеңбер құрастырады. Аңыз бойынша, көпір құрылысын 1860 жылы жергілікті рыцарь тапсырған. Сәулетшінің көпір құрылысын аяқтауға уақыты өте қысқа бол, ол Ібілісті көмекке шақырған. Алайда шайтан көпірден өткен бірінші адамның жанын алуға келіскен.

3 / 10

Индонезиядағы Иджен жанартауы. Ява аралының шығысындағы бұл жер жердегі ең қауіпті орындардың бірі саналады. Иджен – белсенді атқылап жатқан жанартау. Көптеген саяхатшылар Иджен жанартауына баруды армандайды. Өйткені оның тереңінен үнемі күкірт булары шығып жатады. Түнде жанартауға келген адамдар ғажайып көріністі тамашалай алады: тотығу кезінде сұйық күкірт қараңғыда көк және көгілдір түспен жана бастайды. Бұл мистикалық құбылыс "көк от" деп аталады.

4 / 10

Африканың Намиб шөліндегі жұмбақ шеңберлер. Оларды халық арасында "Мыстан шеңберлері" деп те атайды. Олар диаметрі 2 метрден 15 метрге дейінгі құрғақ шөпті сақинамен қоршалған өсімдік жамылғысы жоқ жер дөңгелек учаскелері болып табылады. Олар ешқандай себепсіз жоғалып, қайта пайда болуы мүмкін.

5 / 10

Қытайдағы түрлі-түсті төбелер – Данься геологиялық саябағы. Қызыл құмтастан пайда болған түрлі-түсті төбелер табиғаттың өзі жасаған тамаша кескіндемеге ұқсайды. Геологиялық саябақтың қызылдан көк көкке дейінгі түстері төбелердің үстіне төгілген түстер палитрасына ұқсайды. Чжанъе Дансяның түрлі-түсті жартастарының көмегімен біздің планетамыздың тарихын зерттеуге болады. Олар Жер рельефінің уақыт өте келе қалай қалыптасқанын және өзгергенін нақты көруге көмектеседі.

6 / 10

Жапониядағы Аокигахара орманы. Хонсю аралындағы Фудзи тауының етегіндегі қалың орман туралы қорқынышты аңыз көп. Бұл жерде мүлгіген, бірақ үрейді алатын тыныштық орнаған, ал тастар ағаштардың тамырымен бітісіп тұр. Мұнда тіпті компас жұмыс істемейді. Жергілікті тұрғындар орманның іші елестерге толы екенін алға тартады. Бұл жер туралы көптеген мистикалық фильмдер түсірілді.

7 / 10

Флоридадағы Коралл сарайы. Оның ерекшелігі – бұл сарайды құрылыс құралдарын қолданбастан бір адам салған. Кешен қолмен салынған жалпы салмағы 1 100 тонна алып мүсіндер мен мегалиттерден тұрады.

8 / 10

Антарктидадағы Тейлор мұздығындағы "қанды сарқырама". Бұл жер шынымен қорқынышты көрінеді: сарқырама жерден шығып жатқан таусылмайтын қан ағынына ұқсайды. Анығында бұл шығып жатқан темірге бай жер асты көлінің суы.

9 / 10

Мексикадағы қуыршақтар аралы. Мұнда аралдың түкпір-түкпіріндегі ағаштарға жүздеген сынған және бүлінген балалар қуыршақтары ілінген. Аңызға сәйкес, бұл осы аумақта тұрған, бірақ суға батып кеткен қыздың аруағын тыныштандыру үшін жасалған.

10 / 10

Польшадағы "Қисық орман". Польшаның батысында, Грыфино қаласына жақын жерде жұмбақ "қисық орман" бар. Ол өз аумағында күрделі пішінді ағаштардың өсуімен ерекшеленеді. Бұл қарағайлардың пішіні неге соншалықты өзгеше екеніне қатысты көптеген – ақылға қонымдыдан мистикаға толы аңыз-әңгіме тараған.