Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау аяқталды

6 404 қатысушы "Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" тестілеуіне жіберілді
Sputnik
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеуге қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің баспасөз қызметі.
Бір айдың ішінде pkrezerv.gov.kz ресми сайтында 30 мыңнан астам адам тіркелді. Соның ішінде 6 404 қатысушы "Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" тестілеуіне жіберілді.
Резервке іріктеу 6 кезеңнен тұрады. Олар:
құжаттарды қабылдау;
мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
нақты жағдайға қатысты тапсырмаларды шешу;
құзыреттерді бағалау (ассессмент-орталық және құзыреттілік бойынша сұхбат);
сарапшылық комиссиясында әңгімелесу;
Ұлттық комиссияның отырысы.
Іріктеу қорытындысы бойынша резервке 50 адам қабылданады. Олардың тізімі желтоқсан айының соңында жарияланады.
Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті