АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қазақстандық палуан Бекәділ Шаймерденов Азия ойындарында кураштан күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен финалдық белдесуде жерлесіміз өзбекстандық Үмид Есановпен кездескен. Шаймерденов барын салды, бірақ қарсыласы айласын асырып кетті.
Осылайша, Қазақстан қоржынына бесінші күміс түсті.
Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстан құрамасы командалық есепте 12 орында тұр.
Спортшыларымыз 28 медаль (3 алтын, 5 күміс пен 20 қола) жеңіп алды.