АСТАНА, 1 қазан - Sputnik. Алматыға жарысқа барған 6 жасар бала оқыс оқиғаданкөз жұмды, деп хабарлайды atpress.kz.
Қайғылы жағдай 30 қыркүцек күні болған. Басылымның мәцліметінше, бір топ бала жеке спорт клубының жаттықтырушысымен бірге AIGA Grappling сияқты жекпе-жек спортының бір түрі бойынша ARLAN GRIP KUZ OPEN (AIGA) халықаралық турниріне қатысуға Атыраудан Алматыға барған.
Таңертең "Байқоңыр" спорт клубының жаттықтырушысы жарысқа 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдерді апарған. Ал кіші топтағы балалар спортшылар тұрақтаған жерде қалған.
Олардың бесеуі дүкенге баруға сұранған. Олардың арасында оқыс оқиғаға ұшырап, салдарынан көз жұмған алты жасар бала да бар.
Басылымның жазуынша, баланың неден көз жұмғаны нақтынбаған.
Оқиға туралы Алматының құқық қорғау органдары хабардар. Тергеу амалдары жүргізілуде. Мәліметтер нақтылануда.