Жамбыл облысында әскери полигонда үш офицер жарақат алды

Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында әскери полигонда ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 25 қыркүйекте жауынгерлік дайындық жоспары бойынша "Айша-Бибі" полигонында оқу-жаттығулар өткен. Сол кезде ұлттық ұланның қызметкерлері оқ атқан.
"Қауіпсіздік шараларын бұзудың нәтижесінде үш офицер аяғынан жеңіл жарақат алды. Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.
Офицерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Осы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тексеріс басталды.
Бір оқушы көз жұмып, сегізі ауыр жарақат алды: Ақтөбеде директор орынбасары сотталды